Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Футзалдан Әлем чемпионатына қатысатын командалардың тізімі белгілі болды

Бүгін, 28 сәуірде Өзбекстанда 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтетін футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының барлық қатысушылары белгілі болды.

Соңғы жолдама Азия кубогы аясындағы Ауғанстан мен Қырғызстан арасындағы ойында сарапқа салынды. Таиландта өтіп жатқан Азия кубогының шешуші кездесуінде Қырғызстан құрамасы Ауғанстан құрамасынан 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың жеңімпазы алдағы әлем чемпионатына жолдама алды. Ауғанстан құрамасынан Омид Канбари (8-минут), Мұхамед Асқарбеков (29-шы, автогол), Акбар Каземи (32-ші), Махди Норовзи (35-ші) және Мехран Гхолами (39-шы) гол соқты. Қырғызстан құрамасы сапынан Қайрат Кубанычев (30-шы), Дониербек Аманбаев (37-ші) және Самат Жанат Уулу (40-шы) көзге түсті.

Таиландта ширек финалда жеңіліп қалған Ауғанстан, Ирак, Вьетнам және Қырғызстан құрамалары арасында әлем чемпионатына соңғы жолдама иегерін анықтау үшін қосымша плей-офф кезеңі ұйымдастырылды. Кездесулер қорытындысы бойынша Ауғанстан үздік атанып, Әлем чемпионатына қатысатын болды.

Осылайша, Әлем чемпионатының финалдық бөлігінде келесі командалар сынға түседі:

— Өзбекстан (қабылдаушы мемлекет), Ауғанстан, Иран, Тәжікстан, Таиланд (АФК-дан);

— Ангола, Ливия, Марокко (КАФ-тан);

— Коста-Рика, Куба, Гватемала, Панама (КОНКАКАФ-тан);

— Аргентина, Бразилия, Парагвай, Венесуэла (КОНМЕБОЛ-дан);

— Жаңа Зеландия (ҚФО-дан);

— Хорватия, Франция, Қазақстан, Нидерланды, Португалия, Испания, Украина (УЕФА-дан).

Әлем чемпионатының матчтары Ташкент, Бұхара және Әндіжан қалаларында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz