Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Үстел Теннисі

Данияр Әбілғазин Азия үстел теннисі одағының Орталық Азия бойынша вице-президенті болып қайта сайланды

Қазақстан үстел теннисі федерациясының басшысы Данияр Әбілғазин Азия үстел теннисі одағының (ATTU) Орталық Азия бойынша вице-президенті болып қайта сайланды.

Дауыс беру бүгін, 12 қазанда Астанада ATTU Бас ассамблеясы аясында өтті. Жиынға қатысушылар оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Данияр Әбілғазин Орталық Азия бойынша вице-президент қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді. Енді оның өкілеттігі 2028 жылға дейін ұзарды.

Данияр Әбілғазинның әріптестері соңғы жылдары Қазақстанда үстел теннисінің дамуындағы ілгерілеушілікті, соның ішінде халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және республика бойынша инфрақұрылымның кеңейгенін атап өтті.

Ұйымдастырушылық жетістіктермен қатар, Бас Ассамблеяға қатысушылардың назарын Қазақстанның спорттық жетістіктері де аудартты. Сонымен қатар, Кирилл Герасименконың Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнері мен Алан Құрманғалиевтің жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісі де ерекше атап өтілді.

«Данияр Рүстемұлының қайта сайлануы оның көшбасшылық қасиеттері мен Орталық Азиядағы үстел теннисін дамытуға қосқан үлесін растайды. Оған халықаралық деңгейде көрсетілген сенім мен қолдау дәлел. Оның басшылығымен аймақ халықаралық аренада өз ұстанымын нығайта беретініне сенімдіміз», – деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак.

Бас ассамблея мүшелері ATTU президенті Халил Аль-Моханнадиді (Катар) қайта сайлағанын да айта кетейік. Ол 2021 жылы аталмыш ұжымның тізгінін ұстаған және 2028 жылға дейін Азия үстел теннисі одағын басқаратын болады.

Конгресс Астанада өтіп жатқан XXVII Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Құрлық біріншілігі Орталық Азияда алғаш рет өтуде.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz