Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында «Барыс» жеңіліс тапты. Астаналықтар бұл жолы сырт алаңда Магнитогорскінің «Металлургінен» ұтылып қалды. Қорытынды есеп — 0:2.
Магнитогорлықтар сапынан Владислав Еременко (26-минут) пен Александр Петунин (50-минут) гол соқты. 20 қарашада командалар Астанада кездесіп, айдын иелері 2:1 есебімен жеңіс тойын тойлады. Ал, бүгін магнитогорлықтар сол жеңілістің есесін қайтарды.
Қазақстандық клубтың хоккейшілері үшін бұл қатарынан төртінші жеңіліс. Шығыс конференциясында олар әлі де 21 ұпаймен соңғы 11-ші орында тұр. 36 ұпай жинаған «Металлург» «Шығыста» бесінші орынға жайғасты.
Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері ҚХЛ-дағы сырт алаңдағы матчтар сериясын 1 желтоқсанда Мәскеудің «ЦСКА» командасына қарсы ойынмен аяқтайды.