Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күні 60 келіде өнер көрсеткен Бибарыс Жексен 1/8 финалда Өзбекстан бокшысы Дилшод Абдумуродовқа қарсы керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті. Енді ол 5 желтоқсан Тәжікстан боксшысымен жұдырық түйістіреді.
Ондай-ақ тағы бір боксшымыз ширек шиналға шықты. 57 келі саомақта Оразбек Асылқұлов Малайзия боксшысы Мохамад Зүльхайнды мерзімінен бұрын жеңді. Келесі қарсылас — Таиланд спортшысы.
Жарыстың бірінші күні әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) өнер көрсетіп, ол да 1/4 финалға шықты. 67 келіде Дулат Бекбауов 1/8 финалда Тайпей спортшысы Джиа-Джун Чиуан Вангпен қолғап түйістірді.
Бойы қарсыласынан қарағанда ұзын жерлесіміз айқасты қашықтықтан бақылап, алға ұмтылған Тайпей өкілінің қателігін тиімді пайдаланды. Есеп: 5:0