Қазақстандық бұрынғы ауыр атлет Ниджат Рахимовтың Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) берген апелляциялық шағымын CAS апелляциялық бөлімі қанағаттандырмады.
Спортшы допинг-бақылау кезінде анализін ауыстырды деген күдікке ілінді. 2021 жылдың қаңтарында Халықаралық допинг-тест агенттігі (ITA) Рахимовқа қарсы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін айып тақты.
CAS оны 2022 жылдың 22 наурызында сегіз жылға барлық жарыстардан шеттеткен. Оның 2016 жылдың 15 наурызынан 2021 жылдың 18 қаңтарына дейінгі барлық нәтижелері жойылды. Оған қоса Рахимов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында 77 келі салмақта жеңіп алған алтын медалінен айырылды. Жаза мерзімі 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап есептеледі.
«Спортшы ережені екінші рет бұзғандықтан, CAS Ниджат Рахимовты сегіз жылға спорттан шеттету керек деген шешім шығарды. 2016 жылдың 15 наурызынан бастап оның барлық нәтижелері, үлгінің бұрмалануының алғашқы дәлелі алынған кезде, ол спорттан шеттетілді. 2021 жылдың 18 қаңтарында, соның ішінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының алтын медалі күшін жойды», — делінген хабарламада.
Рахимов Әзербайжан құрамасынан 2014 жылы кетіп, Қазақстан азаматтығын қабылдаған. 2015 жылы әлем чемпионы атанса, 2016 жылы Олимпиада жүлдесін жеңіп алды.
Рахимовтың алтыны күшін жойғандықтан, Қазақстанда Рио-2016 Олимпиадасының екі чемпионы қалды: бокстан Данияр Елеусінов пен жүзуден Дмитрий Баландин. Бұдан бөлек Риода қазақстандық спортшылар бес күміс, тоғыз қола медаль жеңіп алған болатын.