Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

14 желтоқсанда футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталық раундында Нидерландыны жеңді.

Кездесу Астанада өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Гол авторлары Біржан Оразов (1-минут) пен Дуглас Джуниор (7-минут). Осы табысының арқасында Қазақстан құрамасы 15 ұпай жинап, А тобында бірінші орын иеленіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті. 20 желтоқсанда Бухарестте Рикардо Кака шәкірттері мен Румыния арасында кездесу өтеді.

Айта кетейік, элиталық раундтың бес тобының жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей өтеді, ал төрт үздік екінші орын иегерлері плей-офф кезеңінде ойнайды. Олардың жеребе тарту рәсімі 2024 жылдың 25 қаңтарына жоспарланған. Ал әлем чемпионатындағы қалған екі орын үшін матчтар 8-17 сәуір аралығында сарапқа салынады.

Қазақстан – Нидерланды – 2:0

Голдар: Біржан Оразов 1, Дуглас 7

Ескерту: Мохамед Хих 7, Абдессамад Аттахири 27

Қазақстан: Игита (В) (С) – Лео, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Біржан Оразов – Нарун Серіков (Б), Асхат Құлбаев, Азат Валиуллин, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдуманұлы;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Әлем чемпионатының финалдық турнирі 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz