Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Томпсон Шавкаттың қорғанысын бұза ала ма?

Жексенбі, 17 желтоқсан күні таңертең Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы  UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездеседі.

15-желтоқсан күні Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінің алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі межені бағындырып, Шавкат таразыда 77,56 келіні көрсетті.

Қазақстанда Рахмонов-Томпсон арасындағы жекпе-жекті Setanta Sports 2 арнасынан және UFC Fight Pass сервисінде тамашалауға болады.  Бұдан бөлек шетелде UFC 296 турнирі америкалық ESPN арнасында, британдық TNT Sports және ресейлік «Match TV» және «Match Fighter» арналарында көрсетіледі.

Шавкат UFC турнирінде алтыншы рет сынға түседі. Жалпы, 29 жастағы Рахмонов бірде-бір жеңіліс көрген жоқ (17 мәрте мерзімінен бұрын жеңіске жетті) Негігізгі стильдері: бокс, жауынгерлік самбо. 2013 жылы Рахмонов әуесқой ММА бойынша әлем чемпионы болд. Ал келесі жылы ол кәсіпқой аренада дебют жасап, ресейлік М-1 ұйымымен келісімшартқа отырды. 2019 жылдың наурыз айында Шавкат М-1 белбеуін жеңіп алып, осы ұйымның Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпионы атанды. 2019 жылдың маусымында белбеуін қорғап, UFC ұйымымен келісім-шартқа отырған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.

Рахмонов UFC-дегі дебютін 2020 жылдың қазан айында өткізіп, бес жекпе-жектің бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бір кездесу ғана екі раундтан ұзаққа созылды — тек Джефф Нил ғана 2023 жылдың наурызында үшінші раундқа дейін төтеп берді.

Америкалық Томпсон 2016 және 2017 жылдары чемпион Тайрон Вудлимен екі рет жекпе-жек өткізген. Бір жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде Стивен жеңілген. Содан бері ол бірқатар маңызды жеңістерге қол жеткізді. Соның ішінде Хорхе Масвидалды, Джефф Нилді және Кевин Холландты жеңді. Рахмоновтың жанкүйерлерін бұл жолы не күтіп тұр? Кезекті ерте жеңіс пе, әлде мансабындағы ең қиын текетірес пе?

40 жастағы Томпсонда 17 жеңіс (9 ерте), 6 жеңіліс, 1 тең нәтиже бар. Негізгі стильдері – кикбоксинг, каратэ. Томпсон бастапқыда кикбоксингпен айналысып, әуесқойлар деңгейінде 16 титулды жеңіп алды. Оның ішінде әртүрлі нұсқалардағы төрт Әлем чемпионы белбеулері және Чак Норрис негізін қалаған Дүниежүзілік жекпе-жек лигасының (WCL) рейтингінде бірінші болды.

Бірнеше жыл бұрын кикбоксингтегі жақсы мансабын ескере отырып, Томпсон ММА-ның болашағы зор жекпе-жек шебері деп танылды. Ол чемпиондық атақ үшін екі рет сынға түсті. Бірақ жеңіске жете алмады. Стивен қазір 40 жаста. Оның жағдайы бұрынғыдай емес екенін айта кету керек. Дегенмен, оның ;жеңіске мүмкіндігі бар. Өйткені Рахмоновтың қорғанысы мінсіз емес. Соңғы жекпе-жекте UFC-де орташа деңгейдегі спортшы деп айтуға болатын Нил Шавкаттың қорғанысын бірнеше рет бұзды. Алдағы жекпе-жекте Шавкат үлкен басымдыққа ие. Бірақ, Стивен мансабында ешқашан бағыну немесе тұншығу әдісі арқылы жеңіліп көрмегенін ескергеніміз жөн.

Турнир Астана уақытымен таңғы 6:00-де, ал негізгі кард үш сағаттан кейін басталады. Рахмонов пен Томпсон шамамен 9:30-да октагонға шығады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2024 insports.kz