Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Румыниядан айласын асырды

Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы матчында сырт алаңда Румыния құрамасын ұтты. Бухарестте өткен элиталық раундтың A тобындағы кездесу 2:0 есебімен Рикардо Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда, яғни сегізінші минутта Шыңғыс Есенаманов бірінші голды соқты. Матчтың екінші бөлігінде Біржан Оразов (26 минут) ойынның нүктесін қойды. Бұл кездесудің турнирлік маңызы болмады. Өйткені Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.

Кака командасы элиталық раундта 100% нәтиже көрсетіп, мүмкін болатын 18 ұпайдың 18-ін жинады. Қазақстан Бухаресттегі жеңісінен бөлек, Нидерланды (2:0, 2:0) мен Әзірбайжанды (4:2, 3:2) екі рет ұтты, сонымен қатар өз алаңында Румынияны (4:3) да тізе бүктірді.

Айта кетейік, элиталық раундтың бес тобының жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей өтеді. Ал төрт үздік екінші орын иегерлері плей-офф кезеңінде ойнайды. Олардың жеребе тарту рәсімі 2024 жылдың 25 қаңтарында, ал әлем чемпионатындағы қалған екі орын үшін матчтар 8-17 сәуір аралығында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz