Санкт-Петербургте «Солтүстік Пальмира Трофейі» коммерциялық турнирі басталды. Онда Михаил Южныйдың жетекшілігімен екі команда — «Арыстандар» және «Сфинкстер» бақ сынады.
Сфинкстерде Қазақстанның екі өкілі – әлемнің 29-шы ракеткасы Юлия Путинцева мен 34-ші ракеткасы Александр Бублик өнер көрсетті. Бірінші күні жеңіс «арыстандарға» бұйырды. Бублик испаниялық Роберто Баутистаға матчында жеңілді — 11:10. Ал Диана Шнайдермен бірге жұп болып кортқа шыққан Путинцева Анастасия Потапова мен Виктория Томова дуэтінен 12:9 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик «Солтүстік Пальмира Трофейіндегі» алғашқы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында турнир мен матчтан алған эмоцияларымен бөлісті.
«Біріншіден, мен кортқа көңіл көтеру үшін шықтым. Не болып жатқанын, екінші кезеңнің ортасында ғана түсіне бастадым. Мұндай форматта кортқа өмірімде бірінші рет шығып отырғандықтан, уақытты өз пайдама қалай пайдалану керектігін әлі түсінбеймін. Дәл қазір Робертомен болған матчта бізде тең есеп болды, бірақ оның басымдығы айқын сезілді», — деді Александр Бублик.
Ал бүгін Бублик аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге Карен Хачанов — Роберто Баутиста-Агут дуэтіне есе қайтаруға тырысады. Ал Юлия Анастасия Потаповаға қарсы кортқа шығады.