Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Астана» шабандоздары «Фландрия турында» сынға түседі

31 наурызда «Фландрия туры» 108-ші мәрте ұйымдастырылмақ. Фламанд классикасы апталығының ең басты оқиғасы, «Фландрия үздіктері» (Vlaanderens Mooiste) деп аталатын жарыс жыл сайын велоспорт тарихына жаңа бір бет қосады.

Біркүндік велододаны ұйымдастырушылар биыл жарыс бағытына өзгертулер енгізіп, сайыс Ауденарде қаласында мәресіне жетпек. Үш жүз шақырымға жуық тас төселген учаскелер жарысты одан әрі қиындата түсері анық. Биыл «Фландрия турының» жалпы ұзақтығы 270,8 шақырымды құрайды.

Қатысушылар алғаш рет мәреге 134,1 шақырым қалғанда Ауде Кваремонтты еңсереді. Жарыс дәл осы учаскеге келгенде қыза түсері анық. Ауде Кваремонтта жолға қырлы табиғи тастар төселген.  Расымен де пелотонда мәреге 54,3 шақырым қалғанда Ауде Кваремонт-Патерберг күрмеуінде нағыз тартыс басталады.

Айта кетейік, осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Тадей Погачар биыл чемпиондық атағын қорғамайтын болды. Жеңіске ғана емес, «Фландрия турының» үш дүркін жеңімпазы атағына да қазіргі әлем чемпионы, Alpecin-Deceuninck велокомандасының шабандозы Матье ван дер Пул басты үміткер. Сондай-ақ үміткерлер арасында бұрынғы жеңімпаздар Каспер Асгрен (Soudal Quick Step), 2021 жылғы «Фландрия турының» жеңімпазы Альберто Беттиоль (EF Education EasyPost) да бар.

Аталмыш жарысқа биыл елордалық «Астана» велоұжымы да қатысады. Команда құрамы келесідей: Кейс Бол, Евгений Федоров, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Микаэль Меркев, Рудигер Зелиг, Глеб Сирица. Ал бүгін команданың бірқатар шабандоздары, атап айтқанда Самуэле Баттистелла, Хенок Мулюбырхан, Джанмарко Гарофоли, Антон Кузьмин, Игорь Чжан, Вадим Пронский, Макс Уолкер Испаниянда өтіп жатқан «Мигель Индурайн гран-приінде» сынға түсуде.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz