Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Астана» «Балканимен» кездеседі

«Астана» футбол клубы Конференция-лигасының топтық кезеңі аясында үшінші кездесуін өткізу үшін Косовоға аттанды.

Команда Приштинаға 24 қазанда балкандықтармен 26 қазанда өтетін матчқа жол тартты. Елордалық клуб екі турдан кейін «С» тобына түсті. Григорий Бабаян шәкірттері әзірге ұпай жинаған жоқ. «Балкани» үш ұпаймен екінші орында келеді. Алты ұпаймен чехиялық «Виктория Пльзен» топта көш бастап тұрса, Загребтің «Динамосы» үшінші орында. Хорватиялық клубтың еншісінде үш ұпай бар.

Косово Республикасының ерекше халықаралық мәртебесіне байланысты «Астана» ФК негізгі командасы тұрақты рейспен жүзеге асырылады. Команда ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамы сапарын Астанадан бастап, Түркияның Стамбул қаласында аялдады. Одан кейін клуб өкілдері Косовоның Приштина қаласына барады. Футболшылардың чартерлік рейспен емес, тұрақты рейспен ұшуына байланысты елордалық клубтың бас директоры түсініктеме берді.

«Халықаралық аренада Косово Республикасын әлемнің барлық дерлік мемлекеттері ресми түрде мойындамайды және бұл барлық қажетті рұқсаттарды, соның ішінде екі елдің уәкілетті органдарынан рұқсат алуға өз әсерін тигібей қоймайды. Ағымдағы жағдай чартерлік рейспен ұшу мүмкіндігіне де әсер етті. Ол әртүрлі рұқсаттарды алу және келісу арқылы ғана емес, сонымен қатар чартерлік рейстің барлық артықшылықтарын іс жүзінде бейтараптандыратын үшінші елде қосымша аялдама қажеттілігімен қиындады. Сонымен қатар, «Балкани» футбол клубы да дәл осындай қиындықтарға тап болып, матчты өткізу үшін Астанаға тұрақты рейспен ұшу туралы шешім қабылдағанын айта кету керек», — деді «Астананың» бас директоры Саян Хамитжанов жағдайға қатысты.

«Балкани» топтық кезеңдегі екінші ойында Загребтің «Динамосын» есеңгіреткеннен кейін бейсенбі күні «Астананы» қабылдап, өз алаңында жеңіс тойын тойлау үшін барын салары сөзсіз. Косоволықтар Хорватия чемпиондарын жеңіп, өздерінің жеңіске әбден лайық екендерін дәлелдеді. Қазақстандықтарға келер болсақ, олар Конференция лигасын қатарынан екі жеңіліспен бастап,  «Динамоға» (1:5) және «Викторияға» (1:2) есе жіберді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz