Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингінде өз орнын жақсартты. Оның жаңартылған нұсқасы ұйымның ресми сайтында жарияланды. Қазақстан екі саты жоғары көтеріліп, 98-орынға тұрақтады.
Қазан айында Магомед Әдиевтің командасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында сыртта екі матч өткізді: Даниядан (1:3) жеңіліп, Финляндияны (2:1) ұтты.
Сонымен қатар үздік ондықта да өзгерістер болды. Португалия алтыншы орынға, Испания сегізінші орынға көтерілді, Хорватия оныншы орынға түсті. Қазіргі әлем чемпиондары аргентиналықтар рейтингтегі көшбасшылығын сақтап қалды. Екінші орында француздар, үшінші орында бразилиялықтар. Қазақстан футбол тарихында ең жоғарғы нәтижені 2016 жылы тіркеді. Ол уақытта біздің команда 86-шы орында болатын.
26 қазанда жарияланған ФИФА рейтингі:
- Аргентина – 1861,29 ұпай;
- Франция – 1853,11;
- Бразилия – 1812,2;
- Англия – 1807,88;
- Бельгия – 1793,71;
- Португалия – 1739,83;
- Нидерланды – 1739,26;
- Испания – 1725,91;
- Италия – 1717,81;
- Хорватия – 1711,88;
…98 (100). Қазақстан — 1219,65.
Еуропа чемпионатына іріктеуде сегіз турдан кейін Қазақстан 15 ұпаймен топта үшінші болып, қосымша көрсеткіштер бойынша Финляндиядан (12) артта қалды. Словения мен Дания көш бастап тұр (әрқайсысы 19). Құрамамыз Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі келесі екі матчын қараша айында өз алаңында Сан-Мариноға (17-қараша) және сыртта Словенияға (20-қараша) қарсы өткізеді.