Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Асхат Тағыбергеннің голы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі ең үздік гол деп танылды

Жанкүйерлер 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ең үздік гол футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің Данияға қарсы ойында соққан голы деп таныды.

Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі ең үздік 10 голды УЕФА техникалық бақылаушылары анықтады. Ал содан кейін жанкүйерлерге дауыс беру мүмкіндігі берілді.

УЕФА-ның техникалық бақылаушылары Тағыбергеннің алыс қашықтықтан соққан күшті голын сегізінші орынға қойды. Бірақ жанкүйерлердің берген дауысы бойынша Асхаттың голы үздік деп танылды. Екінші және үшінші орындарды Албания құрамасының ойыншылары – Ясир Асани мен Кристьян Асланидің голдары иеленді.

Жанкүйерлердің пікірі бойынша Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі үздік голдар:

1.Асхат Тағыберген (Қазақстан — Дания 3:2) — 2 раунд, 26.03.23 (Ресми үздік 10 техникалық бақылаушы 8-орын);

2.Ясир Асани (Албания – Польша 2:0) – 6-раунд, 11/10/23 (ресми топ-10-дағы 7-орын);

3.Кристьян Аслани (Фарер аралдары – Албания 1:3) – 4 раунд, 20.06.23 (ресми топ-10-да 5-орын).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне тікелей жолдама ала алмады. Команда іріктеу тобында төртінші орынға ие болды. Топтан Дания мен Словения құрлықтық турнирдің финалдық бөлігіне жолдама алды.

Бірақ, Магомед Адиев шәкірттерінің Германияға баруға әлі мүмкіндігі бар. Ол үшін плей-офф кезеңіндегі екі матчта жеңіске жету керек. Құрамамыз 21-наурызда Грекияға қарсы және 26-наурызда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазына қарсы кездесу өткізеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz