Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Лео Игита: «Мансабымдағы соңғы серпіліс жасайтын кез келгендей»

14 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасында  матч өтеді. Ойынның басталуы – 20:30.

Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита 2024 жылғы ӘЧ элиталы іріктеу кезеңі аясындағы матч қарсаңындағы баспасөз мәслихатында Нидерланд құрамасына қарсы ойынға дайындық жайлы айтып берді.

«Нидерланд құрамасы кейінгі үш жылда жақсы дамып келеді. Жаңа бапкер келді, әдемі ойын өрнегін көрсетуде. Алаңда жақсы қозғалады, бірін-бірі түсінеді. Матчқа жауапкершілікпен дайындалып жатырмыз. Ертеңгі ойын футзалсүйер қауым үшін қызық болмақ, өйткені біз де әдемі ойын өрнегін көрсетеміз. Десе де оңай болмайтыны анық. Нидерландтықтар да әлем чемпионатына барғысы келеді. Мүмкіндікті пайдалануға тырысатыны белгілі.

Қазір мансабымдағы соңғы серпіліс жасайтын кез келгендей. Әлем чемпионаты мен үшін соңғы турнир болады демеймін. Әлі үш жылдай Еуропа чемпионатына дейін ойнағым келеді. Әр спортшы әлем чемпионы атанғысы келеді. Егер ертең жеңіске жетсе, әлем біріншілігі жайлы ойлай аламыз. Алаңда жүз пайызға беріліп ойнаймын. Осы ойынмен, осы спортпен өмір сүремін. Қазақстан құрамасымен әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алғым келеді. Өйткені бұл елде маған мүмкіндік беріліп, өмірімді өзгертті», — деді Игита.

Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық турниріне шығуға мүмкіндік алады.

Футзалдан әлем чемпионаты элиталы кезеңінің іріктеуі 14-20 желтоқсан күндері аралығында өтетін матчтармен аяқталады. Бұл кезеңде әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысушысы жеті команданың бесеуі анықталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz