Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстан құрамасы қатарынан төрт матчта жеңіске жетті

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының төртінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесті. Есепті бірінші болып қарсыластар сапынан 6-минутта Сасаки ашты. Ал хоккейшілеріміз ойынның бірінші кезеңінің соңында ғана есепті теңестіре алды. Гол авторы Егор Смолянинов. Екінші кезеңде Кирилл Ляпунов біздің команданы алға шығарды. Үшінші кезеңде Руслан Оспанов ойынның соңғы нүктесін қойды.

Қазақстан — Жапония — 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

0:1 — 06:23 — Сасаки (Сузуки, Койва)

1:1 — 18:30 — Смолянинов (Ляпунов, Хан)

2:1 — 38:21 — Ляпунов Г.Б

3:1 — 53:17 — Оспанов (Бреус)

Қақпашылар: Никитин — Кудо

Осылайша хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элита қатарына енді. Франция құрамасы Аустрия құрамасын жеңгеннен кейін Қазақстан құрамасы IA дивизионында жастар арасындағы әлем чемпионатының турнирлік кестесінің бірінші сатысына көтеріліп, мерзімінен бұрын жоғары дивизионға жолдама жеңіп алды. Тіпті финалдық кездесуде Аустриядан жеңіліп, жеке кездесулер бойынша Франция құрамасымен тең ұпай жинаған жағдайда да Қазақстан жастар құрамасы чемпион атанады.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің төрт кездесуінде хоккейшілеріміз Венгрия, Франция, Дания және Жапония құрамаларын жеңіп, 12 ұпай жинаған болатын. Команда финалдық кездесуін 16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Аустрияға қарсы өткізеді.

20 жасқа дейінгі жастар құрамасы соңғы рет 2020 жылы Сергей Старыгиннің жетекшілігімен әлемнің үздік он жастар құрамасының қатарында өнер көрсетті. Келесі жастар арасындағы әлем чемпионаты 2024 жылдың 26 ​​желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Канадада өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz