Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының қожайыны – Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Жолдастық кездесулер Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына дайындық аясында болады. Матчтар 2024 жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында өтеді. Соңғы рет 2021 жылы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара екі жолдастық кездесу өткізген. Алғашқы ойын 3:1 есебімен ел құрамасының жеңісімен аяқталса, екінші матч 4:6 есебімен Өзбекстан футзалшылары жеңді.

Айта кетейік, күні кеше Кака шәкірттері сырт алаңда Румыниядан басым түскен болатын. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық  іріктеу матчында Румынияны 2:0 есебімен жеңді. Есепті ойынның 7-ші минутында Шыңғыс Есенаманов ашты. Екінші таймда Біржан Оразов екінші голды соғып, қорытынды есепті тіркеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталы раундындағы барлық матчында жеңіске жетті. Өткен турда Каканың шәкірттері келер жылы өтетін әлем чемпионатына уақытынан ерте жолдамаға ие болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz