Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло ресми түрде спорттан шеттетілді. ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ауыр атлет Зульфия Чиншанлоның допингке қарсы ережелерді бірнеше рет бұзғаны үшін дисквалификация алғаны жайлы ақпаратты растады.
Ол допингке қарсы ережені бірнеше рет бұзғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді. 2022 жылы Зульфияның қанынан анаболикалық стероид «Метандиенонның» іздері табылды.
Бұған дейін қазақстандық спортшы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алған алтын медалінен айырылып, екі жылға дисквалификацияланған болатын. Допинг сынамаларын қайта тексеру барысында спортшының ағзасында тыйым салынған «станозолол», «дегидрохлорметилтестостерон» және оксандролон» препараттарының болғаны мәлім болды.
Спортқа қайта оралғаннан кейін Чиншанло 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада жүлдегер атанды және Азия чемпионатында алтын алды.
Айта кетейік, 30 жастағы спортшының бұл шешімге шағымдануға құқығы бар.