«Барыс» ХК ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Сочи» ХК-мен кездесті.
Астанада өткен матч 3:2 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды. Бірінші кезеңде командалар голдармен алмасты. Алғашқы минутта «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы Джереми Бракко «Сочиді» алға шығарса, төртінші минутта Энтони Камара тепе-теңдікті қалпына келтірді.
Екінші кезеңде командалар тағы бір голдан соқты. 26-минутта Давид Скленичка «Барысты» алға шығарса, 28-минутта Кирилл Рассказов есепті теңестірді – 2:2. Үшінші кезеңде соғылған голдардың куәсі бола алмадық.
Овертаймның аяқталуына 30 секунд қалғанда астаналықтар сапынан Аркадий Шестаков жеңіс голын соқты. Бұл Олег Болякин бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалғаннан кейінгі «Барыстың» алғашқы жеңісі. Бұған дейін астаналық клуб қонақьа «Салават Юлаев» (4:5) пен «Нефтехимиктен» (2:3) ұтылды.
«Барыс» – «Сочи» 3:2 ОТ (1:1, 1:1, 0:0, 1:0)
0:1 – 00:42 – Бракко (Чебыкин)
1:1 – 03:53 – Камара (ЛаБейт)
2:1 – 25:03 – Скленичка (Рымарев, Апальков)
2:2 – 27:08 – Рассказов (Хафизов, Галенюк)
3:2 – 64:30 – Шестаков
Қақпашылар: Шутов – Третьяк
33 ұпайы бар «Барыс» ҚХЛ Шығыс конференциясында әлі де соңғы 12-орында. 33 ұпайы бар Сочи Батыста оныншы орынға жайғасты. Келесі матчта астаналықтар 28 желтоқсанда «Авангардты» қабылдайды.