Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Astana Qazaqstan Development Team 2024 жылғы ойыншылар құрамын белгіледі

Astana Qazaqstan Development Team (UCI құрлықтық командасы) келе жатқан маусымға арналған ойыншылар құрамын белгіледі. Алты шабандозға (Александр Винокуров, Андрей Ремхе, Давиде Тонеатти, Симоне Занини, Нил Агилера Норба, Савелий Лаптев), тағы 7 шабандоз келіп қосылады:
Руслан Елубаев (Қазақстан) – Азия чемпионатының тректегі велоспорт түрінен қола жүлдегері.

Ильхан Достиев (Қазақстан) – Бостонлық турының 2023 жылғы жарысының жеңімпазы және 23 жасқа дейінгілер арасындағы Қазақстанның топтық кезеңінің жеңімпазы.

Рудольф Ремхе (Қазақстан) – Шарджа туры додасында жүлдегер атанып, Иран турында ең жас шабандоз жейдесін жеңді. Қазақстанның аралық бақылауға арналған жекелей сайысында күміс жүлдегер атанды.

Алессандро Ромеле (Италия) – 2023 жылы «Джиро д’Италия» жастар сайысының кезеңін ұтты. Сонымен қатар, Гран Премио делла
Либерационе біркүндік жарысында жеңіске жетті.

Маттиа Негренте (Италия) – 2023 жылы жасөспірімдер арасындағы 5 жарыста топ жарды. Артем Фофонов (Франция) – Леман туры деп аталатын Швейцария жарысында жеңімпаз жейдесін киді.

Йонас Рейбш (Германия) – Германияда жастар арасында екі сайыста көзге түсті.

«2022 жылы біз Әлемдік турға қатысып жүрген командамызға резерв дайындау мақсатында құрлықтық команда аштық. Алғашқы жылы-ақ біз жақсы нәтижелер байқай бастадық. Мысалы, үш шабандозымыз жоғарғы лигаға өтті. Команданы одан сайын күшейтіп қана қоймай, біз бапкерлікке Дмитрий Седунды шақырдық. Желтоқсан айында маусымалды жаттығу жиындары өтті. Біз болашаққа сеніммен қарап отырмыз. Құрлықтық командамыз басты командаға жаңа таланттар шығарып береді деген үміттеміз» — деді команда басшысы Александр Винокуров.

Astana Qazaqstan Development Team 2024 жылғы құрамы:
Александр Винокуров (Қазақстан), Андрей Ремхе (Қазақстан), Руслан Елубаев (Қазақстан), Илхан Достиев (Қазақстан), Рудольф Ремхи (Қазақстан), Давиде Тонеатти (Италия), Симоне Занини (Италия), Алессандро Ромеле (Италия), Маттиа Негренте (Италия), Артем Фофонов (Франция), Йонас Рейбш (Германия), Нил Агилера Норба (Испания), Савелий Лаптев.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz