Қазіргі таңда қазақстандық бірнеше футбол клубтарының талапқа сай емес екендіктері белгілі болды.
2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан футбол федерациясы кәсіби футбол клубтарын жыл сайынғы лицензиялау процесін бастаған болатын. Лицензиялау қорытындысы бойынша, клубтар Премьер-лига командалары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты, Бірінші лигасы командалары арасынадағы ҚР Біріншілігі және Екінші лига командалары арасындағы ҚР Біріншілігіне қатысуға рұқсат алады.
Чемпионатқа қатысуға рұқсат алу үшін командалар құқықтық, қаржылық, әкімшілік-кадрлық, спорттық, сондай-ақ инфрақұрылымдық талаптар талаптарды орындалуы шарт.
Бүгінгі күнге дейін жүргізілген тексеру жұмыстары бойынша бірқатар футбол клубтары инфрақұрылым және қаржылық талаптарға сай емес болып шықты. Мұндай клубтардың тізімі де белгілі болды.Премьер-лигадағы талапқа сай емес клубтар: «Жеңіс» ФК (Астана қ.), «Жетісу» ФК (Талдықорған қ.), «Шахтер» ФК (Қарағанды қ.), «Ордабасы» ФК (Шымкент қ.), «Мақтаарал» ФК (Түркістан облысы).
Бірінші лигадағы талапқа сай емес клубтар: «Арыс» ФК (Түркістан облысы),«Қыран» ФК (Шымкент қ.), «Каспий» ФК (Ақтау қ.), «Тараз» ФК (Тараз қ.), «Ұлытау» ФК (Жезқазған қ.).
Екінші лигадағы талапқа сай емес клубтар: «Академия 05» ФК (Алматы қ.), «ILE-Saulet» ФК (Алматы облысы).
Егер Футбол клубтары лицензиялау процесін орындамаған жағдайда лицензиялау жөніндегі Комиссия лицензия бермеу туралы шешім қабылдайды. Соңғы шешім талдау мерзімі аяқталғаннан соң белгіленген мерзімге сәйкес жарияланады. Лицензиялау процесі 2024 жылдың ақпанында аяқталады.