«Қайрат» АФК 19-мәрте Қазақстан кубогын жеңіп алды.
Түркістанда футзалдан Қазақстан кубогының финалы аяқталып, шешуші матчта алматылық «Қайрат» пен «Семей» кездесті.
Матч 5:3 есебімен алматылықтардың тамаша жеңісімен аяқталды. «Қайрат» командасы соңғы екі голды ойынның соңғы минуттарында соқты. Алматылық команда сапында хет-трик жасаған Денер, Дәурен Тұрсағұлов пен Эдсон көзге түсті. «Семей» командасы сапынан Дедезиньо (дубль) мен Гильерме Тейшейра гол соқты. Сонымен қатар үшінші орын үшін де кездесу өтіп, онда «Ақтөбе» шымкенттік «Ордабасыны» 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Кездесу аяқталған соң алматылық «Қайраттың» капитаны әрі қақпашысы Игита «Семейге» қарсы өткен матчқа байланысты өз пікірін білдірді.
«Менде қазірдің өзінде 12 кубок бар. Бірақ бүгін алғаш рет кубок алғандай болдым. Өйткені, Қазақстан чемпионатының деңгейі жыл өткен сайын көтіріліп, жеңіске жетуіміз қиындай түсуде. Бүгін өте жақсы, қызықты ойын, эмоциялар көп болды. Біз өз күшімізді көрсеттік. Енді жаңа жыл. Біз демалып, чемпионатта жеңіске жету үшін ары қарай жұмыс жасаймыз», — деді Игита.
«Қайрат» — «Семей» — 5:3
Голдар: Тұрсағұлов 5, Денер 9, 20, 40, Эдсон 38 – Андерсон Алвес 7, 29, Тейшейра 11