Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ордабасы» жылдар бойы қордаланған қарызынан құтылды

Ордабасы клубының жалпы қарызы 4,3 млрд теңгеге дейін жеткен болатын. Дегенмен команда қарызынан толықтай құтылып қана қоймай, жаңа маусымда да 4,3 млрд теңге қаржы алады.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол командасының жанкүйерлерімен кездесіп, футболды дамытудағы жоспарларымен бөлісті.

Былтыр команда 32 жылдық тарихында алғаш рет ел чемпионатында үздік деп танылды. Дегенмен, клубтың жылдар бойы қордаланған қарызы 4,2 млрд теңгеге жеткен болатын. Күрделі мәселе әкім тапсырмасына сәйкес шешімін тапты. Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен биылғы жылға 4,3 млрд теңге қаржы бөлінді. «Ордабасы» клубы Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдағы уақытта қаражаттың тиімді жұмсалуына тікелей Клуб президенті Бауыржан Абдубаитов жауапты.

«Жуырда Мемлекет басшысына қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беруім барысында мегаполиске заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатынмын. Президентіміз биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы нақты тапсырма берді. Биыл “Бозарық” елдімекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2 жылда, яғни 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. «Қажымұқан» стадионы туралы да көпшіліктің арасында әртүрлі алыпқашпа ақпараттар таралуда. Оның бәрі негізсіз. Бұл стадионды да реконструкциядан өткізіп, команданың қосалқы алаңына және жеңіл атлетикадан ұлттық команда жаттығатын орынға айналдыратын боламыз» – деді Ғабит Сыздықбеков.

Одан бөлек, қала әкімі футбол клубын қолдау мәселесіне қатысты кәсіпкерлермен арнайы кездескенін, жиын қорытындысы бойынша құрылыс компанияларының бірі командаға 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөліп, бас демеуші болуға ниет білдіргенін жеткізді.

Сонымен қатар жиын барысында жанкүйерлер тарапынан команда құрамын өзгертуге қатысты сұрақ қойылған болатын. Клуб президенті Бауыржан Абдубаитов 2023 жылдың басында ойыншылармен 2 жыл мерзімге келісімшарт жасалғанын, оның бұзылмайтынын және 2025 жылға дейін команда құрамының өзгермейтінін мәлімдеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz