Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қазақстан әйелдер құрамасы Испаниядағы турнирде бақ сынауда

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ла Нусияда (Испания) өтіп жатқан  Boxam Elite-2024 халықаралық турнирінде кемінде жеті медальдан үміткер.

Жартылай финалға төрт спортшы – Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Жазира Урақбаева (52 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) шықты, яғни олар жеңілген жағдайдың өзінде қола жүлде алады. Тағы үш қазақстандық боксшы – Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) турнирде бір ғана жекпе-жек өткізеді. Олар бірден финалға жолдама алып, кем дегенде «күміс» медаль алатын болады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының бұл турнирге қатысуға өтінімінде тағы төрт спортшы бар: Назым Қызайбай (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Айдана Забынбекова (60 келі).

Айта кетейік, Қазақстаннан бұл турнирге он бір спортшыдан тұратын әйелдер құрамасы ғана барды. Олардың алғашқы қарсыластарының да есімдері білгілі болды.

48 кг. Жартылай финал. Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) — Клара Кортес Фернандес (Испания) / Глория Д’Альмейда (Франция)

50 кг. Ширек финал. Назым Қызайбай (Қазақстан) — Рита Соарес (Португалия)

52 кг. Жартылай финал. Жазира Урақбаева (Қазақстан) — Ираче Вальс дель Валле (Испания)

54 кг. Ширек финал. Анель Сақыш (Қазақстан) — Николь Клайд (Ирландия)

57 кг. Ширек финал. Карина Ибрагимова (Қазақстан) — Дженнифер Фернандес Ромеро (Испания)

60 кг. 1/8 финал. Айдана Забынбекова (Қазақстан) — Риза Пасуит (Филиппин)

63 кг. Финал. Аида Әбікеева (Қазақстан) — Сача Хайки (Англия)

70 кг. Жартылай финал. Мадина Нұршаева (Қазақстан) — Лаора Капицци (Бельгия-1)

75 кг. Жартылай финал. Гүлсая Ержан (Қазақстан) — Аид Джордж (Тринидад және Тобаго)

81 кг. Финал. Фариза Шолтай (Қазақстан) — Эмбер Мосс-берч (Англия)

+81 кг. Финал. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) — Саира Гарсиа Гарай (Испания).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz