Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Астана» шабандоздары швецариялық велододаға қатысты

23-28 сәуір аралығында Әлемдік Тур аясында швейцариялық «Романдия туры» веложарысы өтті. 77-мәрте өткен көпкүндіктің ұйымдастырушылары биыл жарыс жолына асуға көтерілумен аяқталатын екі таулы кезең мен ойлы-қырлы екі кезеңді қосты.

Жарысқа былтырғы «Романдия турының» жеңімпазы 31 жастағы британиялық шабандоз Адам Йейтс те қатысты. Бірақ UAE Team Emirates командасы өткен жылы «Романдия турында» кезеңдердің бірін жеңіп алған Хуан Аюсоны қосалқы капитан ретінде жарыс жолына шығарды. Биыл 21 жастағы испаниялық велошабандоз Әлемдік тур жарысының – «Баск елдері турының» жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Тиррено-Адриатико 2024 жарысының жүлдегері атанды. Адам Йейтс пен Хуан Аюсоға Париж-Ницца 2024 жүлдегері Брэндон Макналти көмектесті.

Адам Йейтс пен Хуан Аюсоның қарсыластары басты қарсыластарының арасында осы маусымда Валенсия Вуэльтасында 3-ші, Париж-Ниццада 5-ші және Каталония Вуэльтасында 4-ші орын алған Александр Власов та болды.

Велододаға UCI World Team-нің барлық 18 командасы жарысқа шақыруды автоматты түрде қабылдады. Ұйымдастырушылар сонымен қатар тағы төрт ProTeam командасы мен Швейцария құрамасын шақырды. Осылайша, жарысқа барлығы 23 команда қатысты. Олардың арасында қазақстандық «Астана» командасы бар.

Швейцариялық велододаға елордалық командадан спорт директорлары Дмитрий Фофонов, Марио Манцонидің жетекшілігімен Алексей Луценко, Харольд Техада, Игорь Чжан, Сантьяго Умба, Хенок Мулюбырхан, Даниил Марухин, Антон Кузьмин қатысты. Өкінішке қарай 1-кезеңнен кейін Алексей Луценко мен Игорь Чжан мерзімінен бұрын жарысты аяқтады. Биыл «Астана» шабандоздары жүлдегерлер қатарына іліге алмады.

Бүгін 28-сәуір «Романдия турының» финалдық кезеңі өтті. Соңғы кезеңнің жеңімпазы Decathlon AG2R командасынан француз Дориан Гаудон болды. Екінші орын Лидл-Тректен италиялық Симоне Консонниге бұйырды. «Intermarché-Wanty» өкілі Дион Смит үздік үштікке ілікті. Астаналық шабандоз Харольд Техада мәреге 16-шы, Хенок Мулюбырхан — 50-ші, Антон Кузьмин — 97-ші болып келді.

«Романдия туры», 5-кезең, 150,8 шақырым

  1. Дориан Годон (Франция, Decathlon AG2R) — 3:22:00
  2. Симоне Консонни (Италия, «Лидл-Трек»)
  3. Дион Смит (Жаңа Зеландия, «Intermarché-Wanty»)
  4. Харольд Техада (Колумбия, Астана)
  5. Хенок Мулюбырхан (Эритрея, Астана) — +1:28
  6. Антон Кузьмин (Қазақстан, Астана)

Жалпы есеп

  1. Карлос Родригес (Испания, INEOS Grenadiers) — 15:44:46
  2. Александр Власов (Ресей, BORA-hansgrohe) — +0:07
  3. Флориан Липовиц (Германия, BORA-hansgrohe) — +0:09
  4. Харольд Техада (Колумбия, Астана) — +14:03
  5. ​​Хенок Мулубырхан (Эритрея, Астана) — +22:44
  6. Антон Кузьмин (Қазақстан, Астана) — +45:48.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz