Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының спортшысы Олимпиада квотасын жеңіп алды.
Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетті. Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. Аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады.
Лицензия иелену үшін Әйгерім бес жекпе-жектің төртеуінде жеңіске жетіп, бұл нәтиже турнир кестесінде үшінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Ширек финалда олВьетнам өкілін 15/11, жартылай финалдық кездесуде аустралиялық спортшыны 15/11 есебімен ұтты. Ақыры соңғы тартысты жекпе-жекте ол Гонконг спортшысын жеңіп, Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болды.
«Әрине, біз әйелдер арасында семсерлесуден лицензия иеленгенімізге қуаныштымыз және соңғы рет бқл спорт түрінен лицензияны 2012 жылы Лондон Олимпиадасына Юлия Живица жеңіп алған болатын. Содан бері оның нәтижесін ешкім қайталай алмады. Тура 12 жылдан кейін Сарыбай Әйгерімге үміт арттық. Ұзақ уақыт бойы жаттықтырушы Александр Торчукпен дайындық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сол дайындық өз жемісін берді. Бұл Париж-2024 Олимпиадасына семсерлесуден берілген бесінші лицензия екені бізді екі есе қуантады», — дейді бапкер Тимур Байтасов.
Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасынан Париж Олимпиадасына Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Сертай Ерлік төрт лицензия жеңіп алған болатын.