Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Әйгерім Сарыбай семсерлесуден Олимпиада жолдамасын иеленді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының спортшысы Олимпиада квотасын жеңіп алды.

Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетті. Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. Аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады.

Лицензия иелену үшін Әйгерім бес жекпе-жектің төртеуінде жеңіске жетіп, бұл нәтиже турнир кестесінде үшінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Ширек финалда олВьетнам өкілін 15/11, жартылай финалдық кездесуде  аустралиялық спортшыны 15/11 есебімен ұтты. Ақыры соңғы тартысты жекпе-жекте ол Гонконг спортшысын жеңіп, Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болды.

«Әрине, біз әйелдер арасында семсерлесуден лицензия иеленгенімізге қуаныштымыз және соңғы рет бқл спорт түрінен лицензияны 2012 жылы Лондон Олимпиадасына Юлия Живица жеңіп алған болатын. Содан бері оның нәтижесін ешкім қайталай алмады. Тура 12 жылдан кейін Сарыбай Әйгерімге үміт арттық. Ұзақ уақыт бойы жаттықтырушы Александр Торчукпен дайындық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сол дайындық өз жемісін берді. Бұл Париж-2024 Олимпиадасына семсерлесуден берілген бесінші лицензия екені бізді екі есе қуантады», — дейді бапкер Тимур Байтасов.

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасынан Париж Олимпиадасына Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Сертай Ерлік төрт лицензия жеңіп алған болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz