Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

«Елорда кубогының» финалистері анықталды

17 мамырда Астанада бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасынан 17 былғары қолғап шебері финалист атанса, 14 боксшы қола жүлдегер атанды.

Асхат Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Дамир Әбдіқадір, Кәрім Серкебаев, Тимур Қабдешов, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Серік Теміржанов, Талғат Сырымбетов, Нұрбек Мурсал, Асланбек Шымбергенов, Армат Арманұлы, Тимур Нұрсейітов, Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Қамшыбек Қоңқабаев, Айбек Оралбай финалға шықты.

Қола жүлдегерлер: Әли Тоқтаров, Дарын Құлжабаев, Дәулет Молдашев, Жандәулет Сәрсенбаев, Асылжан Серікбай, Әділет Құрметов, Жандос Қыдыралиев, Алмат Әбдуәли, Бақтияр Смағұлов, Темірхан Тезек, Аман Қонысбеков, Азамат Бектас, Аятолла Такежанов, Данияр Рахимбердинов.

1/2 финал нәтижелері:

48 келіге дейін:

Асхат Жүсіпов (Қазақстан) Яйфаба Синханы (Үндістан) ұтты – 5:2;

Әли Тоқтаров (Қазақстан) Казуми Аятакиден (Жапония) жеңілді – 0:5;

51 келіге дейін:

Сәкен Бибосынов (Қазақстан) Суши Макиноны (Жапония) жеңді – 5:0;

Дамир Әбдіқадір (Қазақстан) Дарын Құлжабаевты (Қазақстан) жеңді — 5:0;

54 келіге дейін:

Кәрім Серкебаев (Қазақстан) Дәулет Молдашевты (Қазақстан) жеңді — 5:2;

Тимур Қабдешов (Қазақстан) Жандәулет Сәрсенбаевты (Қазақстан) жеңді — 4:1;

57 келіге дейін:

Махмуд Сабырхан (Қазақстан) Асылжан Серікбайдың (Қазақстан) рингке шығуға бас тартуына байланысты финалға жекпе-жексіз өтті;

Оразбек Асылқулов (Қазақстан) Миразбек Мирзахалиловты (Өзбекстан) жеңді – 5:0;

60 келіге дейін:

Серік Теміржанов (Қазақстан) Әділет Құрметовты (Қазақстан) жеңді — 5:0;

Талғат Сырымбетов (Қазақстан) Сота Накаяманы (Жапония) жеңді – 5:0;

63,5 келіге дейін:

Жандос Қыдыралиев (Қазақстан) Али Хабибинеджадтан (Иран) жеңіліп қалды – 2:5;

Алмат Әбдуәли (Қазақстан) Адхамжон Мухиддиновтен (Өзбекстан) жеңіліп қалды – 0:5;

67 келіге дейін:

Нұрбек Мурсал (Қазақстан) Ядава Абхишектен (Үндістан) басым түсті — 4:3;

Бақтияр Смағұлов (Қазақстан) екінші раундта Қырғызстандық Ықтияр Нишоновтан нокаутпен ұтылды

71 келіге дейін:

Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) Темірхан Тезек (Қазақстан) рингке шығудан бас тартуына байланысты жекпе-жексіз финалға шықты;

Аман Қонысбеков (Қазақстан) Хавасбек Асадуллаевтан (Өзбекстан) жеңіліп қалды – 1:4;

75 келіге дейін:

Армат Арманұлы (Қазақстан) Азамат Бектасты (Қазақстан) жеңді — 5:0;

Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) Алохон Абдуллаевты (Өзбекстан) жеңді – 5:0;

80 келіге дейін:

Аятолла Тәкежанов (Қазақстан) Рахматулла Бойматовтан (Өзбекстан) жеңіліп қалды – 0:5;

86 келіге дейін:

Нұрбек Оралбай (Қазақстан) Вишал Вишалды (Үндістан) жеңді — 5:0;

92 келіге дейін:

Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) үшінші айналымда Али Фатиговашиниге (Иран) жол берді;

Данияр Рахымбердинов (Қазақстан) Сюэчжэнь Ханьюден (Қытай) жеңілді — 1:4;

92 келіден жоғары:

Қамшыбек Конқабаев (Қазақстан) Чаухан Гауравадан (Үндістан) басым түсті — 5:0;

Айбек Оралбай (Қазақстан) 5:0 есебімен Махаммад Абдуллаевты (Әзербайжан) ұтты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz