Қазақстан ұлттық құрамасы 45-ші шахмат олимпиадасында 6-сатыға көтерілді.
Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан 45-ші шахмат Олимпиадасында (45th FIDE Chess Olympiad) ерлер және әйелдер құрамасы кезекті 6 тур ойындарын өткізді.
Ерлеріміз (2513, № 41) Оңтүстік Африка Республикасын (2302, № 79) 3½–½ есебімен сенімді түрде жеңді. Жігіттеріміздің арасынан Махнёв, Нөгербек, Сүлейменов қарсыластарынан айласын асырса, Аңсат тең есепке қанағат тұтты. Енді ерлеріміз Әзербайжанмен (2657, № 12) күш сынасады.
Әйелдер құрамасы болса (2373, №10), рейтинг жағынан төмен Кубаға (2215, № 29) еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 4–0. Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман мен Амина Қайырбекова да қателікке жол бермеді.
Аруларымыз енді ТОП-10-дағы Әзербайжанмен (2398, № 6) өзара мықтыны анықтайды.
183 елдің қатысуымен өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында әйелдері құрамасы 10 ұпаймен 6-орында тұрса, ерлеріміз 8 ұпаймен 35-орында келеді.
18 қыркүйек күні сағат 18:00-де басталатын 7-турда қос командамыз Әзірбайжанмен ойнайды.
Әйелдер арасында да, ерлер арасында да Үндістан көш бастап тұр. Екі команда да алты матчта жеңіске жеткен жалғыз команда
Барлығы 11 раунд болады — әр раундта турнир кестесінде бір-бірінің қасында тұрған қарсылас таңдалады.