Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Шымкентте бокстан халықаралық турнир өтеді

Бүгін, 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған ерлер арасында халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және Украина, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан жүзден аса боксшы қатысады деп күтілуде.

Осымен 43ші рет өтетін беделді бәсекенің Қазақстан боксшылары үшін биыл орны бөлек болмақ. Себебі, дәл осы шаршы алаңда қараша айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына құрам іріктеледі.

Айта кетейік, 27 қыркүйек күні Қазақстан ҰОК мен Қазақстан бокс федерациясы кездесу өткізген болатын.  Кездесуге ҰОК президенті Геннадий Головкин, бас хатшы Әлімжан Ақаев, ҚБФ басшысы Шахмұрат Мүтәліп, атқарушы директор Рауан Игенев, сондай-ақ, ерлер командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов пен Асқар Еркебаев қатысты.
ҰОК басшысы Франция астанасы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет Қазақстан құрмасының бапкерлер штабымен кездесті. Геннадий Головкин 2024 жылғы Олимпиадаға қатысқан боксшылардың қазіргі жағдайынан хабар алды.

Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир мен Қазақстан чемпионатына  Ұлттық құрамаға іріктеу турнирі ретінде өтеді. Қайрат Сәтжанов пен Асқар Еркебаевтың айтуынша, бұл жарыстардың қорытындысы команданы жасақтауға тікелей әсер етеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz