«Рио-2016», «Токио-2020», «Париж-2024» Олимпиадасының қатысушысы, ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко турнирдегі алғашқы кездесуден алған әсерімен бөлісті:
«Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Жанкүйерлердің қолдауы біздің командаға ерекше серпін берді. Кездесу оңайға соқпады. КХДР құрамасының сапында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының аралас жұптық ойындарының күміс жүлдегері Ри Чон Сик сияқты мықты ойыншылар бар. Әсіресе, Аланның шешуші ойында жеңіс кілтін тапқаны қуантады. Бұл жеңіс – алға жасалған маңызды қадам. Біз жанкүйерлерді жаңа жеңіспен қуантуға тырысамыз», — деді Кирилл Герасименко.
Финалдық сегіздікке кіру үшін Қазақстан бүгін Таиланд-Сауд Арабиясы жұбының жеңімпазымен сайысқа түседі.
В этой статье:
Нажмите, чтобы прокомментировать