«Барыс» минскілік «Динамоға» қарсы ойынмен сырт алаңдағы матчтар сериясын жалғастырды. Командамыздың бапкерлер штабы шабуылшылардың барлығын ауыстырып, айдынға Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов және Руслан Оспанов шықты.
Елордалықтар алғашқы кезеңде жақсы ойын өрнегін көрсеткендерімен, бірақ, үзіліске аз уақыт қалғанда айдын иелері сапынан Кристофер Тирни есеп ашты. Ал «Барыс» бұған Өмірбеков пен Панюковтың голдарымен жауап берді. Осылайша астаналық команда көптен күткен ұпайына қол жеткізді.
«Барыс» үшін бұл 18 матчтағы төртінші жеңіс болды. Алайда турнирлік кестеге әсер еткен жоқ және 9 ұпаймен Шығыс конференциясындағы соңғы, 12-ші орында қалды.
23 қазанда Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Новосібірде «Сібір» командасына қарсы ойнайды.
«Динамо Минск» — «Барыс» 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)
1:0 – 18:48 – Тирни (Дубе, Аяз)
1:1 – 34:51 – Өмірбеков (Әсетов, Жафьяров)
1:2 – 59:30 – Панюков (Өмірбеков)
Қақпашылар: Вельмакин – Бояркин