2 қарашада Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) теннистен кіл мықтының ішінен кім мықтыны анықтайтын WTA финалдық турнирі басталады. Оған маусым бойы іріктеуден өткен әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина спорттық мансабында екінші рет ең беделді турнирлердің біріне жолдама алды. Теннисшілер екі топқа бөлінген. Ол «күлгін» деп аталатын топта өнер көрсетеді. Оның қарсыластары Арина Соболенка (Беларусь), Жасмин Паолини (Италия) және қытайлық Чжан Цинвэнь болады.
«Қызғылт сары» топта Ига Швентек (Польша), Кори Гауфф (АҚШ), Джессика Пегула (АҚШ) және Барбора Крейчикова (Чехия) бар.
Рыбакина алғашқы кездесуін 2 қарашада Паолиниге қарсы өткізеді. Ал әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенка мен әлемнің жетінші ракеткасы қытайлық Чжэн Цинвэнь 2024 жылғы WTA финалдық турнирінде жекелей сында алғашқы болып кортөа шығады.
Айта кетейік, турнир 9 қарашада аяқталады.