UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінде өнер көрсететін болды.
«Сонымен бізде жақсы жаңалық бар, жақсы біреу жекпе-жекке келісті. #UFC310 күшінде», -деп жазды Шавкаттың командасы.
Дегенмен, қарсыластың нақты кім екені белгісіз.
«Көптеген сайттар Шавкат пен Усманның жекпе-жегі туралы хабарландыруды ресми жекпе-жек ретінде, лайк пен репост іздеу үшін жариялай бастады. Бірақ келісімшарттарға қол қойылған жоқ. Сондықтан біз ресми растауды күтеміз», — деп жазады Вестник ММА.
UFC 310 турнирінде Шавкат жартылай орта салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Белал Мұхаммадпен жұдырықтасуы керек еді. Алайда денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Көп ұзамай UFC файиерлері, соның ішінде Камару Усман да Шавкатпен октагонға шығуға дайын екендіктерін мәлімдеді.