Жеңіліс көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) (Невада, АҚШ) ирландиялық Ян Гарримен (15-0) жұдырықтасу үшін Лас-Вегасқа келді. Олардың жекпе-жегі UFC 310 турниріндегі шоудың негізгі оқиғасы болады. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған.
«Шавкат Рахмонов өз командасымен Лас-Вегасқа келіп жетті», — деп жазады әлеуметтік желіде Рахмоновтың командасы DarTeam.
Осы орайда, Google AI жасанды интеллекті қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Ян Гарри арасындағы алдағы жекпе-жекке болжам жасаған болатын.
«Рахмонов әдіс қолдану арқылы жеңеді. Бұл мүлдем басқа стильдегі жеңілмеген екі жауынгер арасындағы қызықты жекпе-жек. Ян Гарри — ауыр соққыларды бағыттап, қашықтықты бақылай алатын шебер шабуылшы. Дегенмен, Шавкат Рахмонов одан жақсырақ жауынгер. Ол да күреседі және техниканы тамаша орындайды», — деп жазады Google AI жасанды интеллекті.
Бастапқыда Шавкат жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) кездесуі керек еді. Бірақ, UFC 310-ға жоспарланған жекпе-жегі палестиналық спортшының денсаулығына байланысты өтпейтін болды.