Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Өскеменде хоккейден жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтуде

Хоккейден еліміздің жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындалуда.

18 қарашада Өскеменде хоккейден Қазақстан жасөспірімдер қыздар құрамасы (U18) жиындарының екінші кезеңі басталды. Қыздар 2024 жылдың 15 және 21 қаңтары аралығында Нидерландта өтетін екінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына дайындалу үстінде. Еске сала кетейік, өткен біріншілікте біздің қыздар В тобында бірінші орын иеленіп, жоғарырақ топқа жолдама алған болатын.

Жалпы және арнайы физикалық дайындық бойынша жиындардың бірінші кезеңі тамыз айында Өскемен маңындағы «Алтайский берег» спорттық базасында өтті. Екінші кезең де Өскеменде Борис Александров атындағы спорт сарайының мұз алаңында өтіп, онда 28 үміткер жиналды. Жиындардың аясында «Торпедо-2011» және «Торпедо-2010» командаларымен бес бақылау матчын өткізу жоспарланып отыр.

Үшінші қорытынды кезең әлемдік біріншіліктің алдында, 4 қаңтарда басталады деп жоспарлануда. Бұл жиынға қатысатын жасөспірімдер қыздар құрамасының түбегейлі құрамы белгіленді.

Құрамаға үміткерлердің кеңейтілген тізіміне 28 хоккейші, 3 қақпашы және 25 алаң ойыншысы кірді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz