Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Су спорты

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында рекорд орнатты

Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.

Бүгін Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов құрама қоржынын алтын жүлдемен толықтырды. Екеуі де 50 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсті. Пчелинцева жарыс жолын 31,40 секундта, ал Қожахметов 28,26 секундта бағындырды. Алтын жүлдемен қатар екі спортшы да Азия чемпионатында рекорд орнатты.

Айта кетейік, сары құрлық бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынуда: А  тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).

26-ақпанда, бірінші жарыс күні жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды. А тобында өнер көрсеткен спортшылар Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуде — алтын, Ксения Игнатова  50 метрге шалқалай жүзуде – алтын, Диана Тасжанова 200 метрге еркін әдіспен жүзуде — күміс, 800 метрге еркін жүзуде қола медаль иеленді. Сондай-ақ әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко) эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдегер атанды.

В тобында сынға түскен Егор Попов 50 метрге шалқалай жүзуде алтын, Арсен Қожахметов 100 м брасс әдісімен жүзуде күміс, София Абубакирова 200 м кешенді жүзуде күміс, 50 м шалқалай жүзуде қола медаль иеленді.

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов) эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзуде  күміс жүлде иеленді.

Суға секіруден А тобында Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина 3 метрлік тұғырдан синхронды секіруде күміс жүлдегер атанды.

Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz