Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 30 қараша күні Рука қаласында (Финляндия) өтетін әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшыларымыздың есімдерін жариялады.
Әлемдік ірі турнирде ел намысын алты спортшы қорғайды. Жүлде үшін Юлия Галышева, Павел Колмаков, Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Антон Бондарев және Федор Бугаков таласады.
әлем кубогының бірінші кезеңіне өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана спортшыларымыз халықаралық турнирде 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленіп, үлкен олжамен елге оралған еді. Қысқы маусымдағы алғашқы жарыстардың бірі Аустрияның Хинтертукс тау шаңғысы базасында өтті. Жерлестеріміз арасынан ерлер арасында Павел Колмаков пен Антон Бондарев тамаша нәтиже көрсетті. Жекелей жарыста Павел алтын, ал, Антон қола жүлдегер атанды. Әйелдер арасында Анастасия Городко 73,88 ұпаймен алтын медаль жеңіп алса, Аяулым Әміренова 72,33 ұпаймен күміс медаль иеленді. Екінші жарыс күні параллель-могул бойынша медальдар сарапқа салынған болатын. Бұл сында Павел Колмаков пен Анастасия Городко алтыннан алқа тақты.