Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын ALAÑ бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты — футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.
«Екі жылдың ішінде 13 футбол алаңын жөндеуден өткіздік. Біз өзімізді бұқаралық футболды дамытып, танытуына үлес қостық деп санаймыз. Келесі жылы тағы 7 алаңды жөндеуден өткізу жоспарымызда бар. Енді дайындық жұмыстары, футбол алаңдарын анықтау, техникалық құжатын әзірлеп, УЕФА-ның тапсырысына енгіземіз. Одан кейін біз келесі жылы жаңа алаңдарда кездесетін боламыз», — деді ALAŇ жобасының жетекшісі Сергей Попов.
ALAŇ жобасы Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар, Саран қалалаларымен Жетісу облысындағы Балпық би ауылын қамтыды. Өңделген алаңда кәсіпқой футбол клубтарының матчтары мен түрлі балалар-жасөспірімдер турнирлері өтті. Футболшылар мен көптеген мамандар Италиядан арнайы әкелінген төсенішке өздерінің жоғары бағасын берді.