Корпус Кристиде Халықаралық турнир өтті.
Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Кай Чжанды (АҚШ) 3:1, Сян цзинь Чжанды (АҚШ) 3:0, Хармит Десайды (Үндістан) 3:1, Стеффен Менгелді (Германия) 3:1, Джоао Монтейруды (Португалия) 3:2 жеңіп, алтын медальді қоржындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сілтеме жасай отырып Оlympic.kz.
«Құттықтауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Жарысқа үш күн қалғанда АҚШ-қа ұшып жеттік. Өзіме WPT Champions турниріне қатысу үшін бірінші орынды иеленемін деген міндетқойдым. Сондай-ақ, бұл ұпайлар Париж-2024 жазғы Олимпиадасына іріктеу кезінде де өте маңызды. Бұл ойында сенімді ойнап, мықты қарсыластарымды жеңдім, енді мен Кореядағы командалық әлем чемпионатына дайындалып жатырмын», — деді Герасименко.
Данияр Әбілғазин ҚР Үстел теннисінің басшысы.
Дереккөз: Inbusiness.kz