Түркияның «Адана Демирспор» клубының қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетовке Әзербайжан клубтары қызығушылық танытуда. Келесі жылдың қаңтарында 29 жастағы футболшы кез келген клубпен келіссөздер жүргізе алады. Өйткені оның командамен келісімшарты маусым айында аяқталады.
Қазіргі таңда Айымбетовке «Қайраттың» бұрынғы бапкері Құрбан Бердыев жаттықтыратын әзербайжандық «Тұран» клубы қызығушылық танытып отыр.
Осы күзде Әзербайжан чемпионатының көшбасшыларының бірі Айымбетовпен келіссөздер жүргізген. Бірақ, трансферлік терезе жабылмай тұрып мәмілені аяқтай алмады. Алдағы қыста «Тұран» қазақ футболшысының кандидатурасына қайта оралуы әбден мүмкін.
Бұрын Айымбетов «Адана Демирспорға» ауысқанға дейін оған «Карабах» қызығушылық танытқанымен, шабуылшы бәсекеге қабілетті лигада бағын сынап көруді шешті. Түркия Суперлигасының биылғы маусымында Айымбетов бар болғаны жеті матч өткізіп, бірде-бір гол соқпаған.