Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина 2023 жылы қанша табыс тапты?

Санаулы күндерден кейін қазақстандық теннисші жүлде қоры бес миллион АҚШ долларын (2,38 миллиард теңге) құрайтын WTA турниріне қатысады.

Биылғы жылғы әлемнің үздік он теннисшісінің табысы туралы ақпарат белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар. Теннисология арнасының мәліметі бойынша, Рыбакина биыл 4,6 миллион доллар (2,2 миллиард теңгеге жуық) табыс тапқан. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы жылғы ең табысты теннисшілер тізімінде төртінші орынға жайғасты.

Жүлде қоры бойынша он теннисшінің тізімі төмендегідей:

  1. Арина Соболенко — 7,3 миллион доллар
    2. Коко Гауфф — 5,5 миллион доллар
    3. Ига Швентек — 5,4 миллион доллар
    4. Елена Рыбакина — 4,6 миллион доллар
    5. Маркета Вондроушова — 4,2 миллион доллар
    6. Джессика Пегула — 4,1 миллион доллар
    7. Каролина Мухова — 2,8 миллион доллар
    8. Онс Жабер — 2,7 миллион доллар
    9. Петра Квитова — 2,4 миллион доллар
    10. Мэдисон Киз — 2,3 миллион доллар

Бірер күн бұрын Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні ұсынды. Жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина бесінші орынды сақтап қалды. Юлия Путинцева екі сатыға көтеріліп, қазір тізімде 66-шы орында тұр. Үздік үштік өзгеріссіз қалды: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ). Жұптық сайыста еліміздің үздік теннисшісі Анна Данилина 32-орында қалды, ал Рыбакина 116-орыннан 115-орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Елена өткен айда маусымның соңындағы ең маңызды оқиғаға жолдама алды. WTA күнтізбесі бойынша биылғы маусымның финалдық жарысы 29 қазан мен 5 қараша аралығында Мексиканың Канкун қаласында жабық корттарда өтеді. Қатысушылар ең көп рейтингтік ұпай жинаған 2023 жылдың үздік сегіз теннисшісі болмақ: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша), Коко Гауфф (АҚШ), Елена Рыбакина (Қазақстан), Джессика Пегула (АҚШ), Маркета Вондроушова (Чехия), Онс Жабер (Тунис) және Каролина Мухова (Чехия).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz