Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Бүгін де Париж төрінде біраз спорт түрінен отандастарымыз сынға түседі

Барлығына сәттілік тілеп, әрине үлкен үміт артамыз. Дзюдо қазақ жанкүйерін кәдімгідей дәмелендіріп қойды. 73 келіде татамиге шығатын Данияр Шамшаевтен де спортсүйер қауым жүлде күтетіні анық. Алтын болса тіпті жақсы

Бүгін сондай-ақ, мергендеріміз жарыс жолын бастайды. Жетісулық Ильфат Абдулин бастаған жерлестеріміздің әлеуеті жоғары. Әлем, Азия деңгейінде мойындалған мықтылар енді Олимп шыңын бағындырса дейміз.

Бокстан екінші жекпе-жегін 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы өткізбек. Бірінші айналымда испаниялық қарсыласын шақ келтірмеген жас былғары қолғап шебері мамандардың жоғары бағасын алған болатын.

Кеше Асланбек Шынбергенов күтпеген жерден ұтылды. Бүгін енді бокстан Қазақстан құрамасының тағы бір мықтысы Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады. Бұл оның да соңғы Олимпиадасы болуы мүмкін.

Биыл боксшыларымызға жеребе жолдас болмады деп еді. Қамшыбектің бұл тұрғыда жолы болған секілді ме? Өйткені, соңғы жылдары жолын кес-кестеп жүрген өзбекстандық Баходир Жалоловпен тек финалда кезігуі мүмкін екен (Екеуі финалға дейін жетсе).

Қазақстандық спортшылардың Олимпиада ойындарындағы 29-шілдеге арналған жарыс кестесі:

Семсерлесу

12:00. Жекелей сабля. Әйелдер, 1/32 финал:

Айгерім Сарыбай – Хайма Бенадуда

1/16 финал – 13:25. / 1/8 финал – 17:05. / 1/4 финал – 18:55. / 1/2 финал – 22:00. / 3-орынға талас – 23:50. Финал – 00:45

Тікелей эфир: QazSport. Хабар

Академиялық ескек есу

12:30. Ерлер. Жекелей. Е финалы:

Владислав Яковлев

Тікелей эфир: Ел Арна

Оқ ату

12:15. 10 метрден пневматикалық тапанша. Іріктеу:

Ирина Юнусметова/Никита Чирюкин

12:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Финал. Әйелдер

Александра Ле

Садақ ату

Командалық сайыс, Ерлер, 1/8 финал:

13:16. Италия – Қазақстан

Тікелей эфир: QazSport

Дзюдо

13:00. Ерлер, 73 кг:

Данияр Шамшаев

Тікелей эфир: Ел Арна. Хабар

 Теннис

15:00. Жұптық сын. Ерлер. Бірінші айналым:

Александр Бублик/Александр Недовесов – Тьяго Монтейро/Тьяго Уайлд

 Бадминтон

18:40. Топтық кезең. Ерлер:

Дмитрий Панарин – Брайан Ян

 Үстел теннисі

23:00. Жекелей сын. Ерлер. 1/16 финал:

Кирилл Герасименко – Тиагу Аполония/Данг Чю

 Бокс

00:04. Ерлер, 63,5 кг. 1/8 финал:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Чу Ен Лай

 00:52. Ерлер, 92 келіден жоғары. 1/8 финал:

Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Гафда Дрисси Эл Ассауи

Тікелей эфир: Qazaqstan. QazSport

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz