«Ордабасының» бас бапкерін әкім тағайындамақ.
Қазір шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков молдовалық маман Андрей Мартин мен қазақстандық бірқатар бапкердің арасынан бас бапкерді таңдап жатыр деген ақпарат бар. Айта кетейік, «Ордабасының» тізгінін жазда шымкенттік ұжымды Чемпиондар лигасының іріктеуінде жеңіп кеткен «Петрокубтың» бас бапкері Андрей Мартин ұстауы мүмкін деген ақпарат тараған. Сондай-ақ, үміткерлер арасында «Атырауды» тізгіндейтін беларусиялық Виталий Жукаовский мен «Жетісудың» жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетовтің де есімі жүр. Осы демалыста Қайрат Нұрдәулетовтің Шымкентке барып, келіссөздер жүргізгені жайлы да сыбыстар тараған еді. Алайда, әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ.
«Ордабасы» былтыр ҚПЛ-де топ жарды. Биыл Кирилл Кекердің басшылығымен клуб төртінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірер күн бұрын «Ордабасы» футбол клубының болашағы туралы маңызды мәлімдеме жасады. 2024 жылы қалалық бюджет шетелдік ойыншылармен келісім-шартты қаржыландыруды тоқтатады. Сондықтан клубтан 16 ойыншы кетеді.