Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Елена Рыбакина: «Соңына дейін күрестім»

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина беларуссиялық Арина Соболенкодан жеңіліп, Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA финалдық турниріндегі өнерін аяқтады.

Рыбакина Соболенкодан үш сетте 2:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Елена турнирдің плей-офф кезеңіне өте алмады. Теннисшілер кортта 2 сағат 27 минут уақыт өткізді. Матч барысында Арина Соболенко алты эйс орындап, 10 брейк-пойнттың 5-ін сәтті орындап, 15 қосарланған қателік жасады. Елена Рыбакина да бес рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, 12 брейк-пойнттың үшеуін еншісіне жазды. Сондай-ақ жеті қателікке жол берді.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Арина Соболенкомен өткен кездесуге байланысты өз ойын айтты.

«Турнирдің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болмаған шығар. Бірақ мен соңына дейін күрестім. Апта бойы бізді қолдаған жанкүйерлерге алғысым шексіз. Мұндағы көрермендер шынымен де ерекше», — деп атап өтті Елена.

Матч бір тәулікке жуық уақытқа созылды. Астана уақыты бойынша 3 қараша күні таңертең ерте басталған кездесу, жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтатылды. Ақыры келесі күнге ауыстырылып, тек 4 қазан күні таңертең ғана аяқталды. Бұған дейін топта қазақстандық теннисші грекиялық Мария Саккариді жеңіп, америкалық Джессика Пегуладан ұтылып қалды. Айта кетейік, Рыбакина WTA финалдық турнирінде жекелей сында өнер көрсеткен қазақстандық тұңғыш теннисші.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz