Бокстан 23 қазан-3 қараша күндері аралығында алғаш рет Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Аталмыш жарыста жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.
Жүлде бойынша ТОП-3 мемлекет:
Қазақстан – 9 алтын, 3 күміс, 8 қола
Өзбекстан — 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
Үндістан — 6 алтын, 8 күміс, 6 қола
Қыздардың финалы.
50 келі. Элянур Тұрғанова — Аншу (Үндістан) 5:2
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек — Муштариубони Иброхимжонова (Өзбекстан) 5:0
63 келі. Әсем Таңатар — Дипа (Үндістан) 4:1
66 келі. Бақыт Сейдіш — Кажал (Үндістан) 5:0
75 келі.Шұғыла Нәлібай — Санобар Бозорбоева (Өзбекстан) жерлесіміз айқын басымдылықпен жеңді.
Ұлдар бәсекесі.
48 келі. Бексұлтан Боранбек — Сея Накаяма (Жапония) 0:5
60 келі. Бахтияр Анарбаев — Саят Илясов 5:0
63,5 келі. Төрехан Сабырхан — Сингх Яшвардхан (Үндістан) 5:0
71 келі. Ислам Советов — Вадим Баурин (Қырғызстан) 5:0
80 келі. Дәулет Төлемісов — Жавохир Умматалиев 0:5
86 келі. Виктор Литвинов — Абдулазиз Абдурахманов (Өзбекстан) 0:5
+92 келі. Иван Ермоленко — Шахзод Полвонов (Өзбекстан) 5:0
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:
Ең үздік жасөспірім қыз боксшы — Аяжан Сыдық (Қазақстан)
Ең үздік жасөспірім ұл боксшы — Фужуки Юга (Жапония)
Ең үздік жас қыз боксшы — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Ең үздік жас ұл боксшы — Төрехан Сабырхан (Қазақстан)
Ең үздік төреші — Мариф Урдешев (Өзбекстан), Мария Каваклиева (Болгария).
Елорда төріндегі Азия чемпионатында жас спортшыларымызды қолдауға Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, Олимпиаданың 2 мәрте күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан және т.б қолдау білдірді.