50 сынақ нәтижесі таза шыққаны үшін Американың допингке қарсы агенттігі өзінің кеудешесін сыйға тартатын. Мұндай мүмкіндікке Чарльз Оливейра, Иcраэль Адесанья және Робби Лоулер жақында ие болды. Ал Шавкат Рахмонов 25 таза допинг сынамасы үшін сыйлыққа жейде алды.
2020 жылы Шавкат USADA допинг-сынамасы қалай жұмыс жасайтыны туралы айтқан болатын.
«Олар әрқашан күтпеген жерден келеді. Олар кез келген сәтте сынама алуға келе алады. Тіпті дәл қазір келуі де мүмкін. Одан бас тарта алмайсыз. Қабылдаған таблеткалардың барлығын көрсетуіңіз керек. Мысалы, ауырдыңыз делік. Мұндай жағдайда сіз дәрігерден қандай дәрілерді қабылауыңыз керек, сұрауыңыз қажет. Осындай ұсақ-түйектер көп.
Әрине, мансабымда допинг қабылдаған қарсыластар болды. Бірақ мен оларды жеңдім. Маған бәрібір. Ондай жігіттер бар. Олардың мұндай препараттармен әлдеқайда күшейгенін сезесің» — деді Рахмонов сұхбатында.
UFC мен USADA серіктестігін осы жылдың соңында аяқтайды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Drug Free Sport International UFC жекпе-жек шеберлерін сынақтан өткізеді. Ұйым негізгі америкалық лигалармен НБА, НФЛ (америкалық футбол), МЛБ (бейсбол) және NCAA-мен (студенттік спорт) жұмыс жасайды. Аталмыш ұйым допингке қарсы күресте жеткілікті тиімді емес деп жиі сынға түседі. Себебі оң сынамалар аз және жоспардан тыс сынақтар мүлде жоқ. UFC допингке қарсы жаңа бағдарламасын Саддам Хусейнді тергеумен танымал ФБР бұрынғы арнайы агенті Джордж Пиро қадағалайтын болады.