Меруерт Кәукеева Севильяда өткен Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жұмыс жасады. Ұйымдастырушылар қазақстандық төрешіге мерейтойлық медаль табыс етті. Әйелдердің әлемдік теннис форумына қатысушылар қатарында тек біздің ойыншылар ғана болмады.
Қазақстанда төрешілікті дамыту бағдарламасы екі бағытта алға жылжуда. Біріншісі – жаңа кадрларды тарту және оларды республикалық деңгейдегі төрешілік семинарларынан өткізу арқылы ұлттық санаттағы судьяларды дайындау. Екіншісі – халықаралық семинарлар мен төрешілер мектебіне қатысу арқылы халықаралық санаттағы төрешілерді дайындау.
Соңғы жылдары «Күміс» және «Қола» төсбелгілері бар халықаралық төрешілер тобына екі қазақстандық — Юлия Игнатченко мен Меруерт Кәукеева қосылды. 2020 жылы Юлия мен Меруерт WTA командасының (Әйелдер теннис қауымдастығы) ең талантты әйел төрешілер қатарына енді.
Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетті. Дегенмен, отандастарымыз Аустралияға есе жіберіп (1:2), Словенияны (2:1) жеңген болатын. Алайда жеңіске жеткен және жеңілген ойындардың жалпы нәтижесі бойынша жартылай финалға Словения құрамасы шықты.