Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінде тоғызыншы ойынын өткізді. Ойын «Астана-Арена» стадионында өтті.
Бірінші таймда Ислам Чесноков соққан голдың арқасында Қазақстан алға шықты. Үзілістен кейін қазақстандықтар Чесноков алыстан дәл соққы жасап есепті еселеді, ал кездесудің 60-минутында Сан-Марино есеп айырмасын қысқартты. Ойынның 90+2 минутында Абат Айымбетов пенальтиді сәтті орындап қорытынды 3:1 есебін тіркеді.
Ал Копенгагенде Дания мен Словения құрамалары арасында Еуро-2024 іріктеуінің тоғызыншы турының ойыны өтті. Кездесу қорытындысы бойынша алаң иелері іріктеу топтарының жалғыз көшбасшылары болып қалды. Қорытынды есеп 2:1.
26-минутта алаң иелері сапынан Йоаким Меле есеп ашқанымен, 30-минутта Эрик Янжа есепті теңестірді. Жеңіс голын 54-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Томас Делани соқты. Осы табысының арқасында даниялықтар 22 ұпаймен топта көш бастады және Еуро-2024-ке қатысуға мүмкіндік алды. Словениялықтарға келсек, олардың 19 ұпайы бар. Олар финалдық матчқа дейін Қазақстан құрамасынан бір ұпай ғана алда. Бұл дүйсенбі 20 қарашада Словенияны жеңу Қазақстанға футболдан Еуропа чемпионатына тарихи жолдама береді деген сөз.
9 турдан кейін H тобында Қазақстан құрамасының қоржынында 18 ұпай. Ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 20-қарашадан 21-не қараған түні Словения командасына қарсы өткізеді.