Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Магомед Адиев: «Мен мәңгі Қазақстанның патриоты болып қала беремін»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасының Сан-Мариноны жеңгеніне (3:1) қатысты пікір білдірді.

— Магомед Мұсаұлы, ойын туралы пікіріңіз.

— Тапсырма жеңіске жету, үш ұпай алу болды. Біз оны орындадық. Топтағы интриганы соңғы ойынға дейін сақтаймыз. Қазақстан құрамасы көпшілік үшін күтпеген нәтиже көрсетуде.

— Чесноковке хет-трик жасап, символикалық құрамаға қосылуы үшін пенальтиді орындауға мүмкіндік беру туралы ойладыңыз ба?

Чесноковқа мүмкіндік беруді ойладық. Бiрақ, менiң Абатпен ерекше қарым-қатынастамын. Ол допты алған кезде, пенальтиді орындасын дедім.

— Сіз Дарабаевты әдейі алаңға шығармадыңыз ба, әлде басқа себептері бар ма?

— Оның қазіргі бабын бағалау қиын. Уақыт аз болды. Жастар құрамасымен жолдастық кездесуде ол жарақат алды. Мен қателесуге тәуекел ете алмадым.

— Ел Президенті киім ауыстыратын бөлмеге келді ме, не деді?

— Президент келмеді, Спорт министрі болды. Мемлекет басшысының атынан алғыс айтып, Словениямен ойынды күтетінін айтты.

— Бүгін біздің команда барлығын ойдағыдай атқара алмады, мұның себебі неде?

Біз жеңіске жетуіміз керек. Сіздердің тартысты ойын көргілеріңіз келді. Бірақ, шынымды айтсам, ойын алдында мен жігіттерге бізде қандай қиындықтар болатынын айттым. Оған қоса жарақат алғандар да бар — Ғабышев, Тағыберген, Зайнутдинов. Командада 16 адам, оның ішінде сегіз негізгі ойыншымыз бар. Егер олардың біреуі жарақат алса, жағдай қиындайды.

— Зуевтің ойынын қалай бағалайсыз?

– Біз одан көп нәрсе күтеміз. Оның әлеуеті жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді. Жаттығуда жақсы көрінді. Мен мұны оның жауапкершілігі мол жігіт екенін, өзіне келген сынның бәрін еш қиындықсыз еңсеруімен байланыстырамын. Ол айып алаңында өте креативті. Бірінші матч үшін жаман емес. Бірақ, алдағы уақытта ол бұдан да жақсы нәтиже көрсететін болады.

— Қазақстан құрамасын Еуро-2024-ке шығарсаңыз, ұлт қаһарманы, аңызға айналасыз. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтығын қабылдауға дайынсыз ба?

– Шынымды айтсам, аңыз деген сияқты сөздерді ұнатпаймын. Маған бұл мүлдем керек емес. Мен үшін өмірде одан да маңызды нәрселер бар. Иә, бапкер ретінде жетістікке жеткім келеді, Еуроға жолдама алғымыз келеді. Азаматтыққа келер болсақ, мен Қазақстанға ризамын. Олар маған елдің футбол өміріндегі ең құнды нәрселерді сеніп тапсырды. Мен оны бағалаймын және оны ешқашан ұмытпаймын. Мен мәңгі Қазақстанның патриоты болып қала беремін.

Айта кетейік, Магомед Адиевтің жетекшілігімен құрамамыз оныншы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бірде-бір бас бапкер мұндай нәтиже көрсетпеген. Ресейлік маман Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде алғашқы ойынын 2022 жылы 3 маусымда Астанада Ұлттар лигасында Әзірбайжан құрамасына қарсы өткен ойында (2:0) өткізді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz