Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Спорт министрі маңызды ойын алдында Қазақстан құрамасына қолдау білдірді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін түнде Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларына қарсы шешуші матч өткізеді. Н тобының соңғы тур алдындағы турнир кестесінде жерлестеріміз 18 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Словения құрамасы 19 ұпаймен екінші орында тұр. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет, ал словениялықтарды тең ойын да қанағаттандырады.
Маңызды матчы алдында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ұлттық құрама футболшыларына қолдау білдіріп, үндеу жасады.

«Біздің жігіттерді сырт алаңдағы шешуші матч күтіп тұр. Ұлттық құраманың кейінгі жылдардағы ойыны жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарды. Ел тұрғындары аяқдоп шеберлерінің ойынын тамашалау үшін стадиондарға ағыла бастады. Бұл – спортты насихаттау жолындағы тамаша жетістік. Миллиондаған қазақстандықтың арманы орындалуына бір ғана қадам қалды.

Жігіттер, сендер үлкен тарих жасап жатсыңдар! Бүгінгі кездесу нәтижесі қандай болса да, сіздер ел намысы үшін бар күш-жігеріңізді жұмсап, алаңның әр бұрышындағы доп үшін таласта аянып қалмайтындарыңызға сенімдіміз. Матч Словенияда өтсе де, бүгін бүкіл қазақ елі бір жұдырықтай жұмылып, теледидар арқылы сіздерге жанкүйер болып, қолдау білдіреді. Сәттілік, жігіттер! Сіздердің қолыңыздан бәрі келеді!», — деді Ермек Маржықпаев.

Словения – Қазақстан матчы 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 01:45-те басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz